Mudarabah Capital ісі бойынша сотталған вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты. Бұл туралы блогер Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Еске салсақ, 2023 жылдың маусымында Алматы қаласының Алмалы аудандық соты вайнерлер Мейіржан Туребаев пен Мейірхан Шерниязовты ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы («Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару») бойынша кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім еткен еді. Олар жазаларын минималды қауіпсіздік түзеу мекемесінде өтейтін болған.
Сондай-ақ сот жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қанағаттандырып, 1 миллиард 861 миллион теңгеден астам шығынды өндіруді міндеттеген болатын.
Бұған дейін ол Павлодар облысындағы №44 түзеу мекемесінде жазасын өтеп, 2024 жылдың наурыз айынан бастап «Еңбек-Павлодар» мекемесінде жұмыс істегені хабарланған еді.