09.10.2023
13:00
3359
Танымал блогер Sabirkin ұлды болды

Танымал блогер Sabirkin ұлды болды

Sabirkin лақап атымен белгілі блогер Сабира Жарасқызы ұлды болды. Бұл жаңалықпен ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қош келдің, Алмасұлы. 08.10.2023, - деп жазды блогер.

Instagram желісіндегі Сабира Жарасқызының оқырмандары блогерді жарыса құттықтап жатыр.

«Бауы берік болсын!», «Маған да жұғысты болсын», «Бүгінгі күннің жақсы жаңалығы болды», «Саналы ұрпақ қатарынан болсын», - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.