Танымал блогер өзімен кездесу құны қанша екенін айтты

27 Қыркүйек 2023, 13:41 979

Елімізде танымал блогер Мадлен өзімен кездесу ақылы екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Блогер кездескісі келетін қыздар үшін үш сағатын бөлуге дайын екенін және оның құны 1 млн 200 мың теңге тұратынын алға тартты.

Мен сені өз көлігіммен алып кетемін. Екеуміз оңаша қалып, сырласуға үш сағат уақытымыз болады. Жан сырымызды ақтарамыз. Сен өз, мен өз құпияларымды айтамыз. Тамақтанамыз, ішеміз, әңгіме айтып, энергия алмасамыз, - деп жазды Мадлен.

Блогер мұндай үш кездесу ұйымдастыруға дайын екенін айтты. Мадлен жігіттер үшін кездесу сәл қымбатырақ екенін тілге тиек етті.

Барлығы үш кездесу болады. Әр кездесудің құны – 1 миллион 200 мың теңге. Мен өз уақытымды бағалаймын. Тек қана қыздар. Жігіттер үшін сәл қымбаттау болады, - дейді танымал блогер.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: