Танымал блогер курьер болып жүрген азаматқа мопед сыйлады

5 Сәуір 2023, 16:21 1313

Көпшілікке NNN лақап атымен танылған блогер Нұрдәулет Бектұрсын жаяу жеткізу қызметін атқаратын азаматқа мопед сыйлады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Курьер қызметін атқаратын адамға жасаған тосынсыйды блогер Instagram желісінде жариялады. Бейнежазбадан Нұрдәулет пен достарының жаяу жеткізу қызметін атқаратын азаматты кездестіріп қалғанын байқауға болады.

Ол кісі алғашында блогермен сөйлесуге келіспей, тапсырысты жеткізуге асығып тұрғанын айтады.

Уақытым жоқ. Үш минутта жеткізбесем, штраф салады. Мопедім осы, - деп қос аяғын көрсетеді орта жастағы тапсырыс жеткізуші блогерге.

Осыдан соң блогер мен достары аталмыш азаматпен бірге тапсырысты жеткізіп, соңында ол кісіге мопед сыйлайды. 

EL.KZ
Бөлісу: