16.10.2025
10:18
525
Танымал әншінің бір жасар баласы миллиардер атанды

Танымал әншінің бір жасар баласы миллиардер атанды

Әйгілі канадалық әнші Джастин Бибердің жұбайы – модель әрі кәсіпкер Хейли Бибер өз косметикалық бренді Rhode компаниясын сатқаннан түскен 1 миллиард долларды ұлы Джек Блюздың атына рәсімдеді. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Хейли бұл шешімін «өзі бұрын-соңды басқармаған көлемдегі қаржыны ұқыпты әрі жауапкершілікпен пайдалану» ниетімен түсіндіріп, қаражатты баласының болашағына бағыттайтынын айтқан. Ол сонымен қатар инвестициялық стратегияны да мұқият жоспарлап отыр.

БАҚ мәліметінше, мәміле құрылымы мынадай:

600 миллион доллар – қолма-қол ақша түрінде,

200 миллион доллар – компания акцияларымен,

қосымша 200 миллион доллар – алдағы үш жылда сатылым көрсеткіштері жоспарлы деңгейге жеткенде төленбек.

Құқықтар басқа тарапқа өткеніне қарамастан, Хейли Бибер брендке ықпалын сақтап қалды. Енді ол шығармашылық директор және стратегиялық кеңесші қызметін атқарып, инновациялар бөліміне жетекшілік етеді.

Еске сала кетсек, Джастин мен Хейли Бибер 2024 жылдың тамызында ата-ана атанған.