Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің әпкесі өмірден өтті

25 Қараша, 06:29 440

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев желіде туған әпкесі 66 жастағы Айткүл Майғазиева өмірден өткенін айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әппақ әпкетайым, апатайым, ақылшым, аяулым, асылым, жаныңыз Жәннәтта шалқысын. Енді «Апатай, қалайсыздар?» деп қоңырау шалғанда, «Жақсымыз, Сәкбас, жаным, жарығым» демейсіз. Әпкедей мейірбан, тілеуқор, жанашыр болар ма?!

Әкеміз бен анамыздың тұла бойы тұңғышы (кемпір мен шалдың қызы) туған әпкем Айтгүл 66 жасында Раббысына қайтты. Кеше қасиетті жұма күні жер қойнына тапсырылып, жамбасы жерге тиді. Адам баласы Алланың өлшеп берген өмірінен бір минут ілгері не бір минут кейін өлмейтініне иман келтіргенбіз. Білсек те қимаймыз.

«Атам деп жылатсаң да, ботам деп жылатпа» деп отыратын анамызға ауыр болатын болды. Я, Алла сенен келдік, саған қайтарылушыларданбыз. Сенен жәрдем тілейміз. Қордабайқызы Айтгүл құлыңды Фирдаус жәннәттық ете гөр. Раббым өзіңнен рахым, Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (Алланың оған сәлемі мен салауаты болсын) шапағат сұраймыз. Анамызға, жездемізге, әулетімізге, жиендерімізге көркем сабыр бере гөр!, – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Зарина Арман
Бөлісу: