Танымал әнші неге сахнадан көрінбей кеткенін айтты

6 Мамыр, 11:42 1315

Қазақстандық танымал әнші Бейбіт Қошқалиев үш жыл сахнаға шықпаған себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Мархабат» бағдарламасына қонаққа келген өнер иесі соңғы жылдары немен айналысып жүргенін айтты.

Соңғы рет осыдан үш жыл бұрын ән шығарыппын. Үш жылда ешқайда шықпадым, оған себеп – кино түсіргенім. Екі web-сериал түсірдім. Менің жұмысым – әншілік. Бірақ өзімді кинопродюсер ретінде де сынап көргім келді, - деді әнші.

Өнер иесі жақында бейнебаян түсіргенін, шығармашылықпен айналысып жүргенін мәлімдеді.  

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: