516.91
586.33
6.3

Танымал әнші миллион доллар тұратын сағатын көрсетті

instagram.com/xxxibgdrgn
28 Ақпан, 17:23 3047

Оңтүстік Кореяның танымал әншісі G-Dragon (Квон Джиен) миллион доллар тұратын сағатын көрсетіп мақтанды. Аксессуар бағалы тастармен көмкерілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кей-поп королі саналатын G-Dragon жақында ғана жанкүйерлерін 12 жылдық үзілістен соң Übermensch альбомымен қуантып еді, енді жаңа сағатын көрсетті. Аксессуар қымбат тастармен көмкеріліп, көздің жауын алатындай. Ал оның құны 1 миллион доллар тұрады.

G-Dragon – әнші, рэпер, Big Bang тобының көшбасшысы әрі кей-поп аңызы. Ол 2017 жылдан бері жаңа ән шығармаған еді. Оның бұған дейінгі соңғы әрі екінші альбомы саналатын Coup D’Etat 2013 жылы көпшілік назарына ұсынылған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: