Танымал әнші көпшілікті алаяқтардан сақ болуға шақырды

7 Маусым, 03:26 543

Түркістан полицейлері белгілі әнші Фархат Қалиевпен бірге интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін профилактика жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Kalifarniya лақап атымен белгілі әнші азаматтарды алаяқтардың түрлі айла-тәсіліне алданбай, сақ болуға шақырады.

Қазір елімізде неше түрлі алаяқтар көбейіп кетті. Телефон арқылы, банк қызметкерлерінің рөліне кіріп алдайтындар көп. Алаяқтарға алданып қалмауыңызды қалаймыз. Алданбаңыз, есеңізді жібермеңіз, - дейді әнші.

Айта кетейік, Фархат тыңдарманға “Qar”, “Аспан”, “Роза” сияқты әндерімен танымал. 

Зарина Арман
Бөлісу: