12.05.2025
11:49
1848
Танымал актриса ауыр дертпен күресіп жатыр

Танымал актриса ауыр дертпен күресіп жатыр

Түрік актрисасы Шывга Герез қатерлі ісікпен күресіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол көрермендерге Kurtlar Vadisi («Қасқырлар аңғары») телехикаясындағы Джеррахпашалы отбасының үлкен әпкесі рөлі арқылы танымал болған.

Әлеуметтік желідегі парақшасында Шывга Герез: «Біздің ракпен күресіміз басталды», – деп жазды.

Актриса өз сөзінде ауруды жеңетініне сенімді екенін де жеткізді.