02.04.2025
10:24
966
Танымал актер өкпе қабынуынан көз жұмды

Танымал актер өкпе қабынуынан көз жұмды

Вэл Килмер 65 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

The New York Times мәліметінше, Голливуд жұлдызы өкпе қабынуынан көз жұмған.

Сондай-ақ актерге 2014 жылы көмей қатерлі ісігі диагнозы қойылған, бірақ оны кейн емдеген.

Актер 90-шы және 2000 жылдардағы жарқын рөлдерімен танымал: «The Doors», «Елес пен қараңғылық», «Шабуыл», «Доктор Моро аралы», «Тумстоун», «Бэтмен мәңгіге», «Александр».