Әлеуметтік желілерде Алматы маңындағы ауылда әйелдің мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оны Кызыл Қайрат ауылындағы бос зауыттың маңынан тапқан.
Көп полиция көліктері болды, жедел жәрдем келді. Екі қыз қатты айқайлап жатты, - деп баяндады куәгерлер.
Алматы облысының Полиция департаменті қаза тапқан әйелдің жасы 56-да болғанын хабарлады.
Мәйіт табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді ведомство.
Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.