Tanda.enbek.kz-те бос жұмыс орындар бойынша тұрақты түрде өңірлік жәрмеңкелер өтеді

15 Тамыз 2023, 04:32 912

Tanda.enbek.kz порталында өңірлік мансап орталықтары ұйымдастыратын бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкелерін өткізу мүмкіндігі іске асырылды.

ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінің мәліметінше, онлайн-жәрмеңкелер барысында жұмыс берушілерге өздеріне қажетті мамандарды онлайн форматта табуға мүмкіндік беріледі.

Әрбір жұмыс іздеп жүрген адам өзінің түйіндемесін жұмыс берушіге жіберіп қана қоймай, сонымен қатар онлайн-чат арқылы HR мамандарымен мәселелерді талқылап, бейне сұхбат арқылы сұхбаттаса алады. Жәрмеңкеге қатысу үшін жұмыс берушілер де, ізденушілер де Tanda.enbek.kz порталында тіркеуден өтуі қажет, - делінген мәліметте.

Онлайн-жәрмеңкелер Қазақстанның барлық өңірлерінде өтеді. Толық ақпарат пен жәрмеңкелерді өткізу кестесі Tanda.enbek.kz порталында жарияланған.

Осы уақытқа дейін Tanda.enbek.kz-те әртүрлі қызмет салалары үшін де, жекелеген өңірлер үшін де бірқатар онлайн-жәрмеңкелер өткізіліп, оған жалпы 110 жұмыс беруші мен 3 мыңнан астам ізденуші қатысты.

Берік Арманов
Бөлісу: