26.07.2025
10:57
873
Тамызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Тамызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

2025 жылдың тамыз айында қазақстандықтарды бірнеше мереке мен демалыс күтіп тұр. Соның ішінде ең маңыздысы – 30 тамыз, Қазақстан Конституциясы күні, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл күн сенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс күні дүйсенбіге – 1 қыркүйекке ауыстырылады. Яғни, қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.

Кімдер қалай демалады?

  • 5 күн жұмыс істейтіндер:
    30 тамыз (сенбі), 31 тамыз (жексенбі), 1 қыркүйек (дүйсенбі) – демалыс

  • 6 күн жұмыс істейтіндер:
    30 және 31 тамыз – демалыс, 1 қыркүйек – жұмыс күні

Тамыздағы басқа да кәсіби мерекелер

Тамыз айында бірқатар кәсіби мерекелер де аталып өтеді. Бұл күндер ресми түрде жұмыс күні саналса да, тиісті сала мамандарына құрмет көрсетіледі.

  • 3 тамыз – Көлік қызметкерлері күні

  • 3 тамыз – Теміржолшылар күні

  • 10 тамыз – Абай күні

  • 10 тамыз – Құрылысшылар күні

  • 18 тамыз – Шекарашылар күні және Спорт күні

  • 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні

  • 31 тамыз – Кеншілер күні