10.07.2024
15:33
1350
Тамызда қазақстандықтар қанша күн демалады

Тамызда қазақстандықтар қанша күн демалады

Тамызда қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тамызда Конституция күні атап өтіледі. Осыған орай қазақстандықтардың демалыс күніне тағы бір күн қосылады.

30 тамыз - Конституция күні. Биыл 30 тамыз жұма күніне тура келіп тұр. Осылайша аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері демалады. Ал алты күн жұмыс істейтіндер 30 тамызда демалып, 31 тамызда жұмыс істейді және 1 қыркүйек жексенбі болуына байланысты қайта демалады.

Одан бөлек 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25 тамыз күндері - демалыс.