Тамара Дүйсенова: Әлеуметтік көмектің саны кемімейді

7 Ақпан, 14:07 1060
 
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін қайта қарау қажет екенін қадап айтты. Отырыстан кейін баспасөз мәслихатында вице-премьер Тамара Дүйсеновадан тілшілер көмек қандай азаматтарға берілетінін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Мемлекет басшысы "Халыққа әлеуметтік көмек береміз деп, қоғамда масылдық психологияға жол бердік. Өркениетті ел боламыз десек, мұндай жағымсыз үдеріске тосқауыл қоюымыз керек. Тұратын үйі, тіпті, астында қымбат көлігі бар азаматтарға емес, көмекке зәру адамдарға көмек берілуі қажет" деген еді.
Вице-премьер Тамара Дүйсенова алдымен мұқтаж адамдарға көңіл бөлінетінін тілге тиек етті.
Әлеуметтік заңнамаларда қарастырылған ешқандай әлеуметтік көмектің саны кемімейді. Берерде тек мұқтаж адамдар тізімге ілінеді. Яғни, әлеуметтік теңдікті қалыптастыру басты назарда болады. Сондықтан да бірінші кезекте мұқтаж адамдарға көңіл бөлінетін болады, – деді вице-премьер.
Дүйсенова былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 500 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алған.13:52
Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: