Тамара Асар 19 жасында қандай болғанын көрсетті

10 Маусым, 13:33 9514

Қазақстандық әнші Тамара Асар әлеуметтік желіде жеке мұрағатынан суретін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқырман қауым өнер иесінің табиғи сұлулығына тәнті болған.

Балғын кез… 19 жас. Қалың қасымды дым қалдырмай жұлып, өзімше «керемет болдым» деп жүрген кез болуы керек.

Сіздерде де осындай қасты дым қалдырмаған кездер болды ма, қыздар? – деп жазды әнші.

Тамара Асардың жазылушылары да жас кездерін еске алған. Өнер иесінің оқырманы әншінің жас кезіндегідей әп-әдемі екенін жазып жатыр.

«Осылай жіңішке қылып тергенім үшін анамнан таяқ жегенмін», «Екі қасты кір жаятын жіптей қылып керетінбіз», «Ең бірінші қас жұлғаным есіме түсіп кетті. Ақтөбеге жазғы демалысқа қыдырып келіп, апам «мынау не қас?» деп жылатып тұрып қасымды жұлғаны бар. Физикадан сабақ беретін ағайдан қорқып жүрдім, қатаң ағай еді, не керек, оқу басталғанша өсті ғой», «Қасы қандай, қарақат көзі қандай», «Табиғи сұлу», «Өте нәзік», - деп жазды көпшілік.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Тамара Асар (@tamara_assar_official)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: