"Тамақтың ішінен құрт шықты". Астана тұрғындары мейрамхана иесін сотқа бермек

14 Сәуір 2023, 15:00 1142

9 сәуірде Астаналық ерлі-зайыпты қаладағы рейтингі жоғары және бағасы айтарлықтай қымбат мейрамханаға ауызашарға барған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Отбасылық жұп ауызашарлық дәмхананы көптеген мақтау жағымды пікірлерге қарап таңдаған.  Келушілер өздерінің шолуларында аспаздар мен даяшыларға мақтау сөздерін аямаған және бірауыздан мекемеге келуге кеңес беріпті. Олар тапсырыс берген тағам жылдам дайын болып, бірден әкелінген.

Алайда тамақ ішіп отырғанда жүкті әйелі кенет бозарып: "Етте бірдеңе қозғалып жатыр!" деген. 

Ер адам бір кесек етті мұқият тексеріп, одан тірі құрт тауып алды. Ол дереу даяшыны мен менеджерді шақырды, оның артынан дәмхана қожайыны келген.

Әйелім лоқси бастады, бірден басы ауырды. Мен жедел жәрдем шақырдым. Әйелім мен баламды уайымдаймын, себебі бұл сегіз жыл күткен баламыз, –  дейді елорда тұрғыны.

Мейрамхана басшылығы келушіден кешірім сұраған. Алайда, олар бұл істі соңына дейін жеткізіп, сотқа шағымданбақ.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: