Тамақтануға келген адамдардың 500 мыңға жуық ақшасын жымқырған даяшыға қатысты тергеу басталды

30 Шілде 2023, 17:21 688

Елордадағы рестобардың 32 жастағы даяшысы алаяқтық жолмен 440 мың теңге көлеміндегі қаражатты иемденгені анықталды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі Астана қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның келген адамдарға қызмет көрсету кезінде өзінің жеке мобильді банкинг арқылы төлем алғаны анықталып отыр. 

Полицияға хабар берген әкімшілік қызметкерінің айтуынша, даяшы бір ай бойы клиенттердің ақшасын жымқырып келген көрінеді. 

Бүгінде рестобар қызметкеріне қатысты «алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жалғасуда. Сонымен қатар, күдікке ілінген даяшының Астанада осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: