"Тальго" жолаушылар пойыздарына профилактикалық және бақылау тексерулері күшейтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Наурыз айынан жолаушылар пойыздарына тексеру жұмыстарын жүргізу жылжымалы құрам жасақталатын пункттерден басталады.
Кейінгі 3 жылда жолаушылар тасымалдайтын Patentes Talgo S.L. жүрдек пойыздарында техникалық вагондардың өртенуіне қатысты 3 жағдай тіркелді
Келеңсіз оқиғалардың орын алуына жылжымалы құрам иелерінің өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп болған.
2022 жылы ҚР ИИДМ Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері өрт қауіпсіздігінің талаптарына байланысты 100-ден артық бұзушылықты анықтап, 2 млн теңгеден аса қаражатқа әкімшілік айыппұл салған.
Биыл наурыздан бастап жолаушылар пойыздарына тексеру жұмыстарын жүргізу жылжымалы құрам жасақталатын пункттерде жүзеге асырылып, бұл ақауы бар вагондардың рейске шығуын алдын алады.