07.12.2023
13:30
2332
Талғардан SOS сигналын жіберген ер адам өлі табылды

Талғардан SOS сигналын жіберген ер адам өлі табылды

Алматы қаласында іс-түссіз жоғалған Тимур Поповтың денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық полиция Департаменті жедел іздестіру іс-шаралары барысында 29 қарашада үйінен шығып кетіп, оралмаған 1989 жылы туған Тимур Поповтың мәйіті табылғанын хабарлады. 

Полиция қызметкерлері жоғалған азаматтың «SOS» дабылын жіберген жерден бір жарым шақырым жерде орналасқан «Талгарка» өзенінің арнасына тексеру жүргізіп, денесін тапты.

Оның өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып отыр.