Талғарда әйел адам ағысы қатты каналға секіремін деп көз жұмды

25 Тамыз, 01:33 1458

Алматы облысының Талғар ауданы Талғар қаласында 20-35 жас аралығындағы әйел адам ағысы күшті суару каналына секіріп, болжам бойынша суицид жасаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, оқиға туралы сол жерден өтіп жатқан куәгер хабарлаған.

«ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы әйел адамды 10 сағат іздеп, шамамен құлаған орнынан 8 шақырым жерден денесін тапты. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген хабарламада.

Зарина Арман
Бөлісу: