Талғар маңындағы бөгет қалпына келтірілді

23 Шілде 2023, 22:20 890

Алматы облысы Талғардағы бөгет бір тәулік ішінде қалпына келтірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, қазір халыққа қауіп жоқ. Судың максималды шығыны секундына 37,8 метрді, бұлдырлығы 4 баллды құрады. 7 камаз ағаш діңі мен 15 камаз үйінді шығарылды.

Талғар бөгеті Талғар қаласынан 5 км жерде орналасқан. Бөрене ұстағыш Талғар бөгетінің үстінде 350 метр қашықтықта орналасқан. Бөрене ұстағыштың ұзындығы-5,5 метрді, ені-5,5-6,0 метрді құрайды. Бөгет жоғарғы бьефтен  қойтастармен нығайтылған. Бөрене ұстағыштың негізгі қызметі бөренелерді, ағаш тамырлары мен діңдерін, бұтақтарды және басқа қалқымалы қоқыстарды ұстау болып табылады. Іле-Алатау аумақтық пайдалану техникалық басқармасы филиалы өз күштерімен шұңқырды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта су ағыны транзиттік режимде өтуде, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 21 шілдеде болған сел ағынының өтуі салдарынан бөрене ұстағыштың су өткізгіш құрылымы бітеліп, жер бөгетінің оң жағын шайып өтті. 2023 жылғы 22 шілдеде сағат 00.30-да ұзындығы 5,5 метр, ені 3 метр, тереңдігі 1,2 метр, көлемі 20 текше метр болатын шұңқыр пайда болды.

Перизат Саденова
Бөлісу: