Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы болған Хасан Қасымбаевтың ағасының орнына 36 жастағы Нұржан Әбдалимов келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нұржан Әбдалимов бұған дейін Талғар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық бөлімінің басшысы, "АлматыЭлектроТранс" ЖШС басшысы болған.
Сонымен қатар, Алматыдағы Алатау ауданы әкімінің аппаратында ұзақ уақыт жұмыс істеген.
Айта кетейік, бір ай бұрын, 15 қазанда бұл лауазымды Хасан Қасымбаевтың ағасы Аслан Қасымбаев босатқан еді.