02.12.2024
15:33
1056
Талғар аудандық Полиция басқармасына жаңа басшы келді

Талғар аудандық Полиция басқармасына жаңа басшы келді

Талғар аудандық полиция бөлімінің басқарма басшысының міндетін атқарушы тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы лауазымының міндетін атқарушы болып полиция подполковнигі Айдар Абдікерімұлы Умаров тағайындалды, - делінген хабарламада.

Ол бұған дейін облыстағы Балқаш аудандық полиция бөліміне басшылық еткен.