29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТалдықорғандық екі азамат бірнеше көліктен ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шілде айының басында Талдықорған полициясына тұрғындардан көліктен ұрлық жасаған белгісіз адамдарға шара қолдануды талап еткен арыздар түсе бастады.
Ұрлық көбінесе сигнализация орнатылмаған көліктерде жасалған. Автокөлік салонынан телефондар, банк карталары, қолма-қол ақша және түрлі құрал-жабдықтар ұрланған. Полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 19 және 20 жастағы жергілікті екі тұрғынды анықтап, ұстады.
Күдіктілердің бірі банк картасын пайдалануды ұйғарып, полицияның назарына ілікті. Ұсталғандар көліктен ұрлық жасаудың бес эпизодына қатысы бар деген күдікке ілінді. ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендерге келтірілген шығын шамамен жарты миллион теңгені құрады, – деді Талдықорған қаласының полициясы.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек