Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Талдықорған маңындағы тас жолда жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ауруханаға барар жолда 61 жастағы тұрғын алған жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға кеше, 8 тамызда Алматы – Өскемен тас жолының 272-шақырымында орын алған.
61 жастағы облыс орталығының тұрғыны жүк көлігінің астына түсіп, ауруханаға жеткізу кезінде алған жарақаттарынан көз жұмды. Жаяу жүргінші жүк көлігінің артында тұрғанда, жүргізуші оны байқамай, басып кеткен.
Оқиғаның мән-жайын Талдықорған полициясы анықтап жатыр.
Биыл өңір автожолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 52 жол-көлік апаты тіркелді. Салдарынан 17 адам қаза тауып, 69 адам түрлі жарақат алды. Полиция азаматтарға жол бойында жауапкершілікті күшейтуді талап етеді.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары