Талдықорған маңындағы тас жолда жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ауруханаға барар жолда 61 жастағы тұрғын алған жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға кеше, 8 тамызда Алматы – Өскемен тас жолының 272-шақырымында орын алған.
61 жастағы облыс орталығының тұрғыны жүк көлігінің астына түсіп, ауруханаға жеткізу кезінде алған жарақаттарынан көз жұмды. Жаяу жүргінші жүк көлігінің артында тұрғанда, жүргізуші оны байқамай, басып кеткен.
Оқиғаның мән-жайын Талдықорған полициясы анықтап жатыр.
Биыл өңір автожолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 52 жол-көлік апаты тіркелді. Салдарынан 17 адам қаза тауып, 69 адам түрлі жарақат алды. Полиция азаматтарға жол бойында жауапкершілікті күшейтуді талап етеді.