Талдықорғанда жүк көлігі жиырма жасар жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салдарынан жас жігіт жүк көлігінің астында қалып, өздігінен шыға алмаған.
ТЖМ баспаасөз қызметінің мәліметінше, жігіт ама-есен құтқарылды.
Оқиға орнына жедел барған құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен ер адамды абайлап шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырды, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Құтқарушылардың жылдам әрі кәсіби әрекетінің арқасында апаттың салдарын барынша азайтуға мүмкіндік туды.