Талдықорғанда жол апатынан төрт адам зардап шекті

28 Ақпан 2023, 21:11 1114

Алматы облысының 48 жастағы тұрғыны автокөлікті басқара алмай, аударылып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
 
28 ақпанда Талдықорған қаласына кіре берісте Toyota 4Runner автокөлігінің қатысуымен ЖКО болды. Жол апатынан 4 адам зардап шекті, олардың арасында жас нәресте және қарт әйел бар, зардап шеккен адамдар ауруханаға медициналық тексеруге жеткізілді.
 
Оқиға орнында жол көлік оқиғасының мән-жайын анықтау үшін патрульдік полиция қызметкерлері жұмыстарын жалғастырып жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: