Талдықорғанда жастар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жоба іске қосылды

19 Қазан 2023, 23:11 1458

Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың идеясына сәйкес «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» жанынан «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» жобалық кеңсесі құрылды. Жоба пилоттық режимде Талдықорған қаласында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасының мәліметінше, жобаның мақсаты – Жетісу облысы оқушыларының тұлғалық дамуын менторлық сүйемелдеу, балалар мен ересектердің желілік әлеуметтенуі, кемсітушілік, зорлық-зомбылық және құқыққа қайшы мінез-құлықтың барлық түрлерінің алдын алу арқылы бірыңғай тәрбие кеңістігін қалыптастыру.

Жоба бағыттары:

Балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері;

Нашақорлық пен лудоманияның алдын алу;

Суицидтің алдын алу;

Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу;

Зорлық-зомбылықтың алдын алу және жыныстық қол сұғылмаушылықты қалыптастыру;

Салауатты өмір салты;

Мамандық таңдау және кәсіптік бағдарлау;

Креативті ойлау;

Қаржылық сауаттылық.

Жобаның негізгі міндеттері:

Білім беру үрдісінде этикалық тәрбие, заң үстемдігі қағидаттарын іске асыруға ықпал ету;

Кемсітушілік, зорлық-зомбылық және құқыққа қарсы мінез-құлықтың барлық түрлерінің алдын алу мәселелері бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;

Қазақстан халқының ұлттық-мәдени құндылықтарын басшылыққа алып, оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне ықпал ету;

Білім беру үрдісінің барлық қатысушыларын салауатты өмір салтына ынталандыру;

Білім беру үрдісін сырттай бағалау;

Ақпараттық желілік мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету (әлеуметтік желілер, кәсіби қарым-қатынас, педагог-ата-ана коммуникациясы, оқушы-оқушы коммуникациясы);

Білім алушылар арасында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал, қауіпсіз орта құру;

Девиантты мінез-құлқы бар балалармен жеке жұмыс.

Жобаның күтілетін нәтижелері:

Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық деңгейін төмендету;

Жас балалардың дарындылығын ашу және олардың жеке дамуы;

Мектеп Парламентін құру және өзін-өзі басқару институттарын дамыту;

Жастарды қоғамдық-саяси және мемлекеттік бағдарламаларға белсенді тарту;

Мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттыру;

«Тең-тең» қағидаты бойынша жұмыс жүргізу;

«Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» жобасын республикалық деңгейде ұлғайту.

Биылғы 27 маусымынан 4 тамызына дейін менторларды тарту мақсатында біліктілік талаптарын ескере отырып, үміткерлерді іріктеудің 4 легі жүргізілді. 200-ден астам үміткер арасынан, 30 ментор іріктеліп, Талдықорған қаласы мектептері бойынша бекітілді.

7-11 тамыз аралығында «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» жобасы аясында Талдықорған қаласының менторлары, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, педагог психологтары және әлеуметтік педагогтері, жалпы саны 90 адам арнайы «El Umiti» Қоры» КҚ ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер, балалар және оқушылармен жұмыс істеу барысында қолданылатын тәлімгерлік құралдар мен қарым-қатынас әдістері», «Мұғалімдер мен тәлімгерлерге арналған мектептегі стигматизация теориясы мен буллингтің алдын алу жолдары», «Әртүрлі жас топтарындағы балалардың дамуындағы дағдарыстар мен даму ерекшеліктері: өзара қарым-қатынас жасау әдістері», «Отбасылармен жұмыс істеу барысында қолданылатын дағдылар. Әлеуметтік педагогтар мен тәлімгерлер және сынып жетекшілеріне арналған кейс-менеджемент» тақырыптарында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

1 қыркүйек күні менторлар салтанатты жиында өздерін таныстырып, менторлық жайында баяндамаларын оқып, жұмыстарына кірісті. Оқу үрдісі басталысымен 1200-ден астам оқушының қатысуымен 25 ментор «Менторлық туралы» 55 презентация өткізді.

Жоба аясында менторлар Талдықорған қаласы орта оқу орындарының 1-11 сынып оқушыларымен жоба бағыттары бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.

1 қыркүйек пен 12 қазан аралығында Талдықорған қаласының 13 мектептерінде 27 оқиға орын алды. Оның ішінде: оқушылар мен ата-аналары, ата-аналар мен мектеп әкімшілігі арасындағы жанжал, буллинг, физикалық күш қолдану арқылы буллинг, зорлау әрекеті, зорлау нәтижесіндегі ерте жүктілік, суицид, өз-өзіне қол жұмсау әрекеті және т.б. Оқиғалардың көпшілігі менторлардың мектеп оқушыларымен жеке сұхбаттары нәтижесінде анықталған болатын. Бұл мәселелер бойынша менторлар мектеп әкімшіліктері, психологтары және оқушылардың ата-аналарымен сөйлесіп, келесіде құқық бұзушылықтар орын алмауы мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Қыркүйек айының 12-15 және 18-19 күндері аралығында «El Umiti» Қоры» КҚ іріктеуден өткен менторларға және Талдықорған қаласының 19 мектептерінен барлығы 76 адамға (әр мектептен 1 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1 сынып жетекшісі, 1 әлеуметтік педагог пен 1 педагог-психологына) «Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу», «Балалар, жасөспірімдер, оқушылармен мониторинг құралдары мен коммуникация әдістері», «Отбасымен жұмыс істеу дағдылары. Әлеуметтік педагогтарға, тәлімгерлерге және сынып жетекшілеріне арналған кейс менеджмент» және қыркүйек айының 18-19 күндері аралығында «Балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері», «Креативті ойлау» тақырыптарында біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

9-30 қазан күндері аралығында желілік кестеге сәйкес Полиция департаментінің экстремизге қарсы күрес бөлімі, есірткіге қарсы күрес бөлімі, жергілікті полиция қызметінің мамандары «Құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы», Денсаулық сақтау басқармасының Облыстық психикалық денсаулық орталығы, №1 Талдықорған қалалық емханасының әйелдер кеңесі бөлімі, Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті үйлестіру және қоғамдық денсаулық бөлімінің мамандары алғашқы көмек беру бойынша инструктаж жүргізіп, «Ерте жүктілік, жыныстық қол сұғылмаушылық, нашақорлық, ішімдік және темекінің адам ағзасына зияны туралы» тақырыптарында Талдықорған қаласының мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне арнап дәріс өткізуі жоспарланған, мектептер мен тиісті мамандармен келісілген.

Жоба бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары және жол картасы құрылды. Жоспар бойынша Жетісу облысы басшылығы, ҚР үкіметі, ҚР Парламенті Сенаты және Мәжілісінің депутаттары, РЖҚБ жетекшілері қатарынан шақырылған дәріскерлермен; Құқық қорғау органдары өкілдерінің (КТІЖИ, ТЖД және т. б.) қауіпсіздік қағидаларын түсіндіру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында білім алушылармен кездесу; еліміздің үздік жоғары оқу орындарына қонақ сапарлары мен экскурсиялар және т.б. іс-шаралар өткізіледі.

Жылдың соңына дейін менторларға және Талдықорған қаласы мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагогтары мен педагог-психологтарына «El Umiti» Қоры» корпоративтік қорымен «Салауатты өмір салты», «Суицидтің алдын алу», «Мамандық таңдау және кәсіптік бағдар беру», «Нашақорлық пен лудоманияның алдын алу» және «Қаржылық сауаттылық» тақырыптары бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізіледі.

«Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры Миронюк Татьянаның, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан Байжігітұлының, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наукен Ұлан Аманқазыұлының, шығыстанушы, «Отбасы хрестоматиясы» жобасының жетекшісі және «Қуыскеуде» кітабының авторы Санжар Керімбайдың қонақ дәрістері өткізілді.

Қараша-желтоқсан айларына «Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының төрағасы Садвакасова Динара Тайбасарқызының, «ENACTUS KAZAKHSTAN» Президенті Ержанова Альбина Мейірбекқызының, Ұлы дала скауттарының басшысы Катенов Ильдар Загедерейевичтің, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мендіғалиев Мейірбек Оразұлының, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ерниязова Айсұлу Әлімжанқызының, «Жарасым» ҮЕҰ төрағасы Жұмырбаев Тимур Ғабдулұлы, «Қазақстан КВН одағы» РЖҚҰ президенті Есен Елеукеннің, Қазақстандық дін қайраткері, теолог және жазушы, Kemal Adam мектебінің басшысы Қайрат Жолдыбайұлының, журналист, блогер Өркен Кенжебекұлының, белгілі педагог, QAZBILIM жобаларының негізін қалаушы Аятжан Ахметжанұлының қонақ дәрістері жоспарланған.

Перизат Саденова
Бөлісу: