07.04.2025
09:05
1105
Талдықорғанда өрт шыққан үйден 23 адам эвакуацияланды

Талдықорғанда өрт шыққан үйден 23 адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер 23 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Талдықорған қаласында І.Жансүгіров көшесі бойында орналасқан 5 қабатты үйдің 4-қабаттағы пәтерден өрт шығып, оның ащы түтін бүкіл кіреберіске тараған.

Құтқарушылар өртті мүмкіндігінше қысқа мерзімде сөндіріп, баспалдақ маршымен 23 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, - делінген мәліметте.

ТЖМ түтіннің көп шоғырланған жерінен сақ болуға шақырады.