Талдықорғанда бекірені заңсыз аулаған ер адам ұсталды

21 Қыркүйек 2023, 01:02 606

Талдықорған қаласының тұрғыны заңсыз балық аулағаны үшін қылмыстық жазаға тартылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
ІІМ мәліметінше, 43 жастағы ер адам басқарған BMW автокөлігінде полицейлер заңсыз ауланған балықты тәркіледі. Тәркіленген балықтардың бірі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген, салмағы 9 келіден асатын бекіре тұқымдасты балық болып шықты.

Браконьерлік жолмен ауланған балықты тиеп алған автокөлік Талдықорған-Үштөбе тас жолының 40 шақырымында ұсталды.

Сараптама тәркіленген бекіре тұқымдас пілмай балық екенін растады. Болжам бойынша, Қаратал өзенінің төменгі ағысында балық аулауға тыйым салынған жерде балық аулаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деді Жетісу облысы ПД табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

Берік Арманов
Бөлісу: