Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылды

5 Ақпан, 15:52 1233

Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылғаны туралы ақпарат таралды. Жетісу полициясы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жігіттің Алматы әскери институтының курсанты екені белгілі болды. 

2024 жылғы 4 ақпанда сағат 13:30-да 2004 жылы туған жас жігіт А. Алматыға қарай такси ұстаған. Ата-анасы ұлдарымен телефон арқылы хабарласа алмаған. Кейін Назарбаев көшесі, 101, Горький мектебіне қарама-қарсы жолдың бойынан жігіттің денесі табылғаны анықталды, – делінген хабарламада. 

Жетісу облысының полицейлері аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

Полиция суицидке итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажет сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: