Талдықорған маңында жол апатынан екі адам қаза тапты

1 Қаңтар 2023, 14:40 1228

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Талдықорған маңында жеңіл автокөліктің аударылуы барысында екі адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 1 қаңтарда «Талдықорған-Үштөбе» тас жолының 10 шақырымында «Фольксваген Гольф» автокөлігінің қатысуымен орын алды. 42-жастағы жүргізуші көліктің рулін басқара алмай, жол жиегінен шығып кетіп, оның аударылуына жол берді. Оқиға орнында шетелдік неміс көлігінің жүргізушісі мен автокөліктегі 35-жастағы әйел жолаушы қайтыс болды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Құрметті жол қозғалысына қатысушылар! Тағы да естеріңізге сала кетейік, өңір аумағында (31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін) автожолдарда қарлы және көктайғақпен бірге күрделі ауа райы жағдайлары сақталуда.

Осыған байланысты барлықтарыңыздан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, рұқсат етілген жылдамдық режимінен аспауды және жол қауіпсіздігі талаптарын елемеуді сұраймыз.

EL.KZ
Бөлісу: