23.05.2025
17:04
2259
Талдықорған маңында жер сілкінісі болды

Талдықорған маңында жер сілкінісі болды

Талдықорған маңында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен 15:59-да Талдықорғаннан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде тіркелген. Жерасты дүмпулері магнитудасы - 4,6.