Талдықорған әкімдігі 26 млн теңгеге дәретхана орнатты

26 Сәуір 2023, 09:18 1427

Талдықорған әкімдігі бағасы 5 миллион теңгеден асатын 5 қоғамдық дәретхана орнатқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қоғамдық дәретханалар әлі іске қосылмаған. Жарық, су жүйелері тартылғаннан кейін пайдалануға беріледі.

Ал дәретханалар орнатылған жер кездейсоқ таңдалмапты. Қала тұрғындарына арнайы сауал жолданып, халықтың қалауы бойынша анықталған.

EL.KZ
Бөлісу: