Талдыкөлде құрғақ шөп пен қалың қамыс өрті сөндірілді

20 Шілде, 02:27 296

Астанада Талдыкөл аумағында отқа оранған құрғақ шөп пен қамыс өрті толықтай сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі өрт аумағы 1500 ш.м. алаңды қамтығанын атады. 

Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі әлі де анықталып жатыр. Өртті жоюға ТЖМ күштер мен құралдарының жеке құрамынан 33 адам мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды, - деп жазылған министрліктің хабарламасында. 

Қазір қарауылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Зарина Арман
Бөлісу: