ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ БАСПАСӨЗ ҮЙІНДЕ ТІЛЕК БІЛДІРУШІЛЕР ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ҚЫР-СЫРЫН МЕҢГЕРЕ АЛАДЫ

14 Қаңтар 2019, 05:07 2274

Талдықорған қаласындағы Баспасөз үйінде Алматы облысының Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы жетекші журналистер мен сарапшылар клубының ағымдағы жылғы алғашқы отырысы өтті.

Жетекші журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы Атсалим Идигов клубтың өткен жылғы жұмысын қорытындылап, отырысқа қатысушылармен бірге 2019 жылға арналған маңызды тақырыптар мен жоспарлар тізімін талқылады.  

Сондай-ақ, отырыста сөз сөйлеген ҚХА хатшылығының бас маманы Әбілқайыр Әбенұлы ҚХА ұйымдастыруымен 2019 жылы өтетін "Қайырымдылық керуені"акциясының маңыздылығына тоқталды.

"Жаңғыру жолы" өңірлік штабының төрағасы Руфина Усанова өз кезегінде Елбасы жариялаған Жастар жылына қатысты біраз мәселелерді қозғады.

Отырыс соңында жетекші журналистер мен сарапшылар клубының мүшелері түрлі сала мамандары үшін шеберлік сабақтарын өткізу туралы шешім қабылдады. Алматы облысының кәсіби журналистері Баспасөз үйінде барлық тілек білдірушілерге шеберлік сыныптарын өткізуге әзір екендіктерін жеткізді.

Бөлісу: