ТАЛДЫҚОРҒАНДА ӨТКЕН ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМДА МӘНЕРЛЕП ОҚУ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

13 Желтоқсан 2018, 11:52 1812

Талдықорған қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздігім – тұғырым!» атты облыстық форум өтті. 

Мерекелік форумда Алматы облстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай баяндама жасап, еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Алматы облыстық әзербайжан этномәдени орталығының төрәйімі Асылы Осман Әлиқызы, №18386 әскери бөлім командирінің орынбасары Рустем Рахимов, республикалық «Мың бала» мәдени ағарту жобасының жеңімпазы Александр Сон да мерекелік шараға жиналғандарды құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Шара  барысында түрлі этнос студенттері арасында өткен «Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан» атты мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Іріктеу кезеңіне қаланың түрлі оқу орындарынан 20-дан астам студент қатысты. Бірінші орынды неміс ұлтының өкілі Арина Габрайл жеңіп алса, екінші орынды Ирина Волкова мен Виктория Движенская өзара бөлісті, үшінші орынға Аслан-оглы Эмина, Сунаттилла Камолиддинов пен Дильназ Ярмухамбетова лайық деп танылды.

Бөлісу: