27.09.2022
18:48
899
Талдықорғанда тапаншамен қаруланған ер адам ұсталды

Талдықорғанда тапаншамен қаруланған ер адам ұсталды

Талдықорғанда арнайы операция барысында тапаншамен қаруланған ер адам ұсталды. Бұл туралы Рolisia.kz мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.

«26 қыркүйек күні Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінің қызметкерлерімен және Ұлттық ұланның «Бүркіт« арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп Талдықорғанда арнайы операция өткізді. Қала орталығындағы қонақүйлердің бірінде тәртіп сақшылары оқ-дәрінің толық жиынтығы бар тапаншамен қаруланған 38 жастағы ер адамды ұстады», - делінген мәліметте.