ТАЛДЫҚОРҒАНДА ПАТРИОТТЫҚ РУХТАҒЫ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

9 Шілде 2019, 09:43 4803

Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Талдықорғандағы Достық үйінде Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» және облыстық «Күміс тамыр» Қытай этномәдени орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Султан қаласының 21 жылдығына арналған «Жеті қыр – жетістіктің бастамасы!» атты облыстық форум өтті.


Кездесу барысында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ. Тұрсынбай сөз сөйлеп, келген қонақтарды астанамыз Нұр-Сұлтан күнімен құттықтады. Сондай-ақ концерттік бағдарлама және белсенділерді марапаттау рәсімі өтті.


Айта кетсек, шараның басты мақсаты – жастарды Астана тарихын білуге және құрметтеуге шақыру, патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың бойында азаматтық белсенділікті қалыптастыру.

 

Бөлісу: