Талдықорғанда неке-отбасы қарым-қатынасында туындайтын дауларды реттейтін «Отбасы орталығы» ашылды

8 Сәуір 2019, 09:42 3067

Алматы облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Қалдарбек Досымбет, Алматы  облыстық Қазақстан халық ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай салтанатты түрде «Достық үйінде» «Отбасылық сот» пилоттық жобасының аясында дауды сотқа дейін реттеу институтының дамуы мен неке-отбасы қарым-қатынасында туындайтын дауларды реттеуге бағытталған «Отбасы орталығының» ашылу рәсімін өткізді.

Қалдарбек Досымбет өз сөзінде Орталықтық жұмысы татуластырушы –судья, медиатор, психолог пен социолог көмегімен аразданушы ерлі-зайыптылар арасындағы дауды шешуге жәрдемдесетінін және ажырасу деңгейін төмендетуге өз үлестерін қосатынын атап өтті.

«Мемлекеттік отбасылық саясатты дамыту, отбасы институтын нығайту, отбасы және некеге тұру мәселелерінің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, отбасындағы зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізу қажеттілігі - «Отбасы орталығының» алға қойған мақсаты», - деді Аналар кеңесінің төрайымы Несіпжамал Баймадиева.

Іс-шара соңында облыстық сот, Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және ҚХА жанындағы Аналар кеңесі, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма арасында өзара ынтымақтастық туралы төртжақты меморандумға қол қойылды.

Бөлісу: