Талдықорғанда Наурыз мейрамында 300 литр наурыз көже мен 100 литр қымыз ішілді

5 Сәуір 2019, 05:15 3143

Талдықорғандағы Достық үйінің алаңында «Жұлдызы жарқыраған – Жетісу» атты форум өтті. Лек-легімен жиналған қалың қауым сыңғырлаған домбыраның әсем күйіне тамсанып, шырқалған патриоттық әндерден сусындап, көңілдерін бір марқайтып қайтты.

Келген қонақтар шараға белсене қатысып, мерекелік жиында асық ату, қол күрес, арқан тартыс сынды ойындар ойнап, көтеріңкі көңілмен концерттік бағдарлама тамашалады.

«Жұлдызы жарқыраған – Жетісу!» форумында 11 шатыр тігіліп, 300 литр наурыз көже мен 100 литр қымыз ішілді.

Сонымен қатар қазақ салтының театрландырылған қойылымы мен «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы» этномәдени орталықтарының қолөнер көрмесі дүйім жұрттың назарына ұсынылды.

Бөлісу: