Талдықорғанда «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына үміткерлермен кездесу өтті

12 Қыркүйек 2018, 12:21 2271

Талдықорғандағы Достық үйінде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына үміткерлермен кездесу өтті.

Аталмыш шараны облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы» және облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде бірлесе ұйымдастырып отыр. 

Қазақстан жазушылар одағының мүшелері, ұстаздар, оқушылар және БАҚ өкілдері еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізбен етене жақын танысып, өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Бөлісу: