ТАЛДЫҚОРҒАНДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ

28 Ақпан 2019, 03:14 1942

Талдықорғандағы Достық үйінде «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы өңірлік штабының ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне арналған «Ұлы дала халқының мұрагерлері» атты қайырымдылық концерті өтті.

Шарада Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Сауле Сурабалдинова өз сөзінде – «Алғыс айту күні - Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу, репрессия мен күштеп қоныс аудару жылдарында қазақ халқының кең пейілінің, достық пен берекенің символы» – деп атап өтті.

Концерттік бағдарламада «Вайнах» шешен – ингуш этномәдени орталығының белсендісі Зулиха Асланбекова шешен тілінде ән орындаса , Академия студенті Дастан Сәтов «Домбыра» термесін шертіп, «Ачимноуль» ансамблі корей,  ал «Горец» би ұжымы Лезгника биін көрермендерге тарту етті.

Айта кету крек, қайырымдылық концертінен түскен қаражат аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен қажетті заттарын сатып алуға жұмасалады.

Бөлісу: