Талғат Қалиев: Біздің елде әрбір үшінші неке бұзылады

29 Қаңтар 2019, 04:26 2129

2012 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясындағы тапсырмасынан кейін араға бір жыл салып «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.

Қазіргі уақытта орталық жастар саясатын іске асыру мақсатында жастар арасындағы өзекті мәселелерді анықтап, оқу-әдістемелік қолдау көрсету негізінде жұмыс атқаруда.

Аймақ жастарының қолдау табатын ордасына айналған орталыққа биыл алты жыл толады.

Орталықтың мақсаты – мемлекеттің жастар саясатын дамыту және жастар арасында зерттеулер жүргізу. Сырт көзге жеңіл көрінгенімен, күрделі мәселелердің шешімін табуға оңтайлы әдістерді ұсынып отырған жөніміз бар. Мысалы, жұмыспен қамту, жастардың әлеуметтік ортадағы жағдайы, қоғам өміріне араласпайтын, білімсіз, жұмыссыз жүрген маргиналдық тұлғалардың санатын анықтаймыз.

Соңғы санатқа қиындыққа тап болған адамдар жатады. Бұл – жас жалғызбасты аналар. Олардың білімі, біліктілігі және сүйенер адамы жоқ болғандықтан, тұйықталған шеңберге тап болып, мобильдігін жоғалтып, білім алу мүмкіндігінен айырылған.  

Тағы бір зерттейтін нысан – отбасы. Қазіргі таңда отбасын құруға асықпайтындардың қатары көбейді, яғни, отбасын құру жас ерекшелігі ұлғайды. Жастар саяхаттап, жұмыста табысқа жетуді бірінші орынға қояды.  

Бір жағынан әлем бойынша отбасы рөлінің парадигмасы өзгеріп жатыр. Бұрынырақта отбасы өзара тәуелділікте құрылатын, яғни, әйелі күйеуіне арқа сүйейтін, оған асыраушы, балаларына қорғаншы керек деп түсінетін. Әйел адамдар ерлермен қатар жұмыс істеп, табыс табуға ұмтылмайтын. Ол кезде ерлер де әйел адамсыз күн көруге қиналатын. Күндікке табыс табу қамымен жүре тұрып, үйдің де шаруасын істеу – қиындық тудыратын.

Ал қазіргі уақытта тұрмыс деңгейі жоғарылады. Арнайы тұрмыстық техникалардың көмегімен үй шаруасын тыңдыруға немесе үй тазалаушының қызметіне жүгінуге болады. Сол сияқты әйел адамдар да ер адамның көмегінсіз көп шаруаны өз бетімен тындыра алады. Мұндай жайлылық отбасын құруға асықтырмайтыны белгілі. Осының қорытындысында отбасылық рөлдің өзгеруін көреміз.  

Қазір әйел адам отбасы шырағының сақтаушысы, ер адам міндетті түрде асыраушысы немесе қорғаушысы емес, тіпті қазіргі уақытта отбасын құру – өзара тәуелділік емес, екі толыққанды адамның тең серіктестігі. Меніңше, бұл үлгіні дамыту керек. Негізінде адамзат ілгерілеуден қалыс қалып отырғандықтан, қайшылыққа тап болады да, кертартпалық пайда болады.

Талғат Қалиевпен болған сұхбаттың толық мәтінін осы жерден оқи аласыз

Бөлісу: