Таксистер жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек – вице-министр

9 Қаңтар, 17:20 1017

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов таксистер жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек дегенді айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің орынбасарының сөзіне қарағанда, заң бойынша солай.

Қазір такси жүргізушілері бойынша арнайы салық режимі бар. Қазіргі заң талаптарына сай ол жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Тіркеліп, 1 пайызды салықты мобильді қосымша арқылы төлеуі керек. Болмаса патент алса 1% салық төлейді. Ол мобильді қосымша арқылы онлайн түрде тіркеле алады, – дейді вице-министр үкіметтің баспасөз орталығында.

Ержан Біржанов таксистерді де заң шеңберде жұмыс істеуге шақырды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: