«Такс фри» пилоттық жобасы 2024 жылға дейін жалғасады

1 Шілде 2023, 23:22 701

Мемлекеттік кірістер комитеті туризмді дамыту мақсатында тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде туристерге (шет мемлекеттердің азаматтарына) ҚҚС сомасын өтеуді көздейтін «такс фри» пилоттық жобасын іске асыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ретте шетелдіктің алып бара жатқан тауарының сатып алу құны 20 айлық есептік көрсеткіштен асуы керек.
 
Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 710 бұйрығымен пилоттық жобаны іске асыру мерзімі 2023 жылғы 30 маусымнан 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Енді пилоттық жоба Шымкент қаласында да жүзеге асады. 
 
Өзгерістер енгізілгенге дейін пилоттық жобаны іске асыру мерзімі ағымдағы жылдың 30 маусымында шектелген және Астана, Алматы және Түркістан қалаларында орналасқан сауда субъектілеріне қолданылды. 
 
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32935 болып тіркелді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Перизат Саденова
Бөлісу: