28.03.2025
12:47
3421
Таиландтағы жер сілкінісі: биік ғимараттардағы бассейндерден су төгіліп жатыр

Таиландтағы жер сілкінісі: биік ғимараттардағы бассейндерден су төгіліп жатыр

Әлеуметтік желіде Таиланд астанасы Бангкоктағы жер сілкінісі болған сәттің видеолары тарап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дүмпулердің күші соншалық, биік ғимараттардағы бассейндерден су сыртқа төгіліп жатыр.

Жер сілкінісінің эпицентрі көршілес Мьянма аумағында орналасқан: онда жер асты дүмпулері 7,7 баллға дейін жеткен.

Бангкокта биік ғимараттардан адамдарды эвакуациялау жүргізілді. Мыңдаған адам көшелерде жүр.

Куәгерлердің айтуынша, құрылысы жүріп жатқан биік ғимарат қираған.